Bauknecht BLIMS 9100 IXL Bedienungsanleitung Seite 5

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 29
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 4
KK5
- Басқа құрылғылардағы электр кабельдерінің пештің ыстық бөліктеріне тимейтініне немесе есікке тіреліп
қалмайтынына көз жеткізіңіз.
- Пешті атмосфералық ықпалдарға ұшыратпаңыз.
- Индукциялық плита пешке орнатылған немесе ыстық күйінде болғанда оның ішіне суды ешқашан құймаңыз; бұл
əйнек немесе жылтыр жабынды зақымдауы мүмкін.
- Əйнектің жəне/немесе электр айырдың кездейсоқ зақымдалуын болдырмау үшін индукциялық плитаны абайлап
енгізіңіз жəне шығарыңыз.
- Пешті стандартты режимде (индукциясыз) пайдаланудан бұрын пештен индукция плитасын толығымен
шығарыңыз. Индукциялық плитаны пеште қалдыру оның зақымдалуын тудыруы мүмкін.
Пайдаланудан кейін:
- Индукциялық плитаны тазалау қажет болса, алдымен оның сууына мүмкіндік беріңіз. Индукциялық плита
пештен алынған кезде кірдің электр розеткасына кірмеуіне жол бермеу үшін, берілген розетка қақпағының
қолданылуына көз жеткізіңіз (1-сур).
Қаптама материалын тастау
Қаптама материалы қайта өңделуге 100% жарамды жəне қайта өңдеу белгісімен ( ) таңбаланған. Қаптаманың түрлі
бөліктері жергілікті билік органының ережелеріне сəйкес, толық жауапкершілікпен тасталуы тиіс.
Өнімді қайта өңдеу пунктіне өткізу
- Бұл құрылғы Электрлік жəне электрондық жабдықты қоқысқа тастау (WEEE) туралы 2012/19/EC Еуропалық
директивасына сай белгіленген.
- Бұл өнімді тиісті жолмен кəдеге жарату арқылы сіз қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал теріс
əсерлердің алдын алуға көмектесесіз, бұл əсерлер осы өнімнің қоқысқа дұрыс тасталмағанынан пайда болуы
мүмкін.
- Өнімдегі немесе онымен бірге берілген құжаттамадағы белгісі бұл құрылғы тұрмыстық қоқыс болып
есептелмейтін, сондай-ақ электрлік жəне электрондық жабдықты қайта өңдеуге арналған сəйкес жинау
орталығына өткізілуі тиіс екендігін көрсетеді.
Қуат үнемдеу бойынша кеңестер
- Тағам дайындау кестесінде немесе сіздің рецептіңізде көрсетілген жағдайда ғана пешті алдын ала жылытыңыз.
Индукция функциялары алдын ала жылытуды қажет етпейді.
- Индукциялық режимді пайдаланып тамақ дайындау барысында қуаттың үнемделуін арттыру үшін арналып
берілген дайындау ыдысын пайдаланыңыз.
- Жылуды жақсырақ сіңіретіндіктен, күңгірт сырланған немесе жылтыр пісіру қалыптарын пайдаланыңыз.
- Стандартты (индукциялық емес) режимде тағам дайындау уақытын орнатпас бұрын пешті 10/15 минут өшіріп
қойыңыз. Ұзақ дайындау уақытын қажет ететін тағам пеш өшірілген кезде де дайындала береді.
- Азық-түлік үшін пайдалануға арналған осы пеш n.1935/2004 Еуропалық ережеге ( ) сəйкес жəне «Төмен
кернеу» жөніндегі 2006/95/CE директивасының қауіпсіздік талаптары (73/23/CEE жəне кейінгі түзетулерді
ауыстырады) мен 2004/108/CE «EMC» директивасының қорғаныс талаптары бойынша жасалды, өндірілді жəне
сатылды.
- Бұл құрылғы EN 60350-1 Еуропалық стандартына сəйкес, n. 65/2014 жəне n. 66/2014 Еуропалық ережелерінің
экологиялық дизайн талаптарына сəйкес келеді.
1-сурет
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
СƏЙКЕСТІЛІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
Seitenansicht 4
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 28 29

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare