Bauknecht BLIMS 9100 IXL Bedienungsanleitung Seite 2

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 29
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 1
KK2
- Индукциялық тақтаның беті жарылған болса, оны пайдаланбаңыз жəне
электрлік ток соғудың мүмкіндігіне жол бермеу үшін құрылғыны өшіріңіз
(тек индукция функциясы бар үлгілер үшін).
- Құрылғыны денеңіз су болған кезде ұстамаңыз немесе жалаң аяқ
болғанда пайдаланбаңыз.
- Осы құрылғы тағам əзірлеу үшін тек тұрмыстық қолданыста пайдалануға
арналған. Пайдаланудың басқа түрлері рұқсат етілмейді (мысалы:
бөлмелерді жылыту). Өндіруші тиісінше пайдаланбау немесе басқару
құралдарының дұрыс емес параметрлері қолданылу жағдайында барлық
жауапкершіліктен босатылады.
- Құрылғы мен оның қолжетімді бөліктері пайдалану кезінде қызуы мүмкін.
Қыздыру элементтерін ұстап алмау үшін сақ болу қажет. Өте жас
(0-3 жастағы) жəне жас балалар (3-8 жастағы) бақылаусыз болғанда
құрылғыдан алшақ болуы керек.
-8 жастан үлкен балалар жəне дене, сезу не ақыл қабілеттері шектеулі
немесе тəжірибесі мен біліктілігі аз адамдар бұл құрылғыны біреудің
бақылауында болғанда ғана немесе қауіпсіз пайдалану бойынша
нұсқауларды алған жəне ықтимал қатерлерді түсінген жағдайда ғана осы
құрылғыны пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамау қажет.
Балаларға тазалау жəне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
бақылаусыз
орындауға рұқсат бермеңіз.
- Пайдалану кезінде жəне одан кейін қыздыру элементтерін немесе
құрылғының ішкі бетін ұстамаңыз - күйіп қалу қаупі бар. Барлық
құрамдастар толығымен суымағанша құрылғының маталармен немесе
басқа жанғыш материалдармен жанасуын болдырмаңыз.
- Дайындау соңында, пешке қол жеткізбес бұрын құрылғының есігін ашып,
ыстық ауаның немесе будың бірте-бірте шығуына мүмкіндік беру кезінде сақ
болыңыз. Құрылғы есігі жабық болған кезде, ыстық ауа басқару панелінің
үстіндегі саңылаудан шығады. Желдеткіш саңылауларын бөгемеңіз.
- Қыздыру элементтеріне тиіп кетпей, табаларды жəне керек-жарақтарды
алу үшін пеш қолғаптарын пайдаланыңыз.
- Құрылғының ішіне немесе қасына жанғыш материалдарды қоймаңыз:
құрылғы байқаусызда қосылған жағдайда өрт лап етуі мүмкін.
- Құрылғыда жабық құтыларды немесе контейнерлерді жылытпаңыз немесе
дайындамаңыз. Ішінде қалыптасатын қысым құрылғыны зақымдай отыра
банканың жарылуына алып келуі ықтимал.
Seitenansicht 1
1 2 3 4 5 6 7 ... 28 29

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare