Bauknecht BBO 3T333 DLM IA Betriebsanweisung Seite 4

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 8
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 3
4
ОПЦИЯЛАР МЕН ФУНКЦИЯЛАР
ОПЦИЯЛАРДЫ тиісті түймені басу арқылы тікелей таңдауға болады (БАСҚАРУ ПАНЕЛІН қараңыз).
МУЛЬТИЗОУН
Жуылатын ыдыстар көп болмаса, қолданылатын
суды, электр энергиясын жəне тазалау құралын
үнемдеу үшін жартылай жүктеуге болады.
Бағдарламаны таңдап, МУЛЬТИЗОУН түймесін
басыңыз: түйменің үстіндегі индикатор жанады
жəне таңдалған сөренің белгісі дисплейде
көрсетіледі. Əдепкі бойынша құрылғы барлық
сөрелердегі ыдыстарды жуады.
Тек қана белгілі сөрені жуу үшін, бұл түймені
қайталап басыңыз:
дисплейде көрсетіледі (тек
төменгі сөре)
дисплейде көрсетіледі (тек жоғарғы сөре)
дисплейде көрсетіледі (тек ас ішетін саймандар
сөресі)
дисплейде көрсетіледі (опция ӨШІРІЛЕДІ жəне
құрылғы барлық сөрелердегі ыдыстарды жуады).
Тек қана жоғарғы немесе төменгі сөрені
жүктеуді жəне сəйкесінше тазалау құралының
мөлшерін азайтуды есте сақтаңыз.
ТУРБО
Бұл опция бірдей жуу жəне құрғату өнімділігі
деңгейлерін жүзеге асырған кезде негізгі
бағдарламалардың ұзақтығын азайту үшін
қолданылады.
Бағдарламаны таңдаған соң, түймесін басып,
индикатор шамын қосыңыз. Опцияны өшіру үшін
сол түймені қайтадан басыңыз.
ТАБЛЕТКА (Таб)
Бұл параметр қолданылған тазалау құралының
түріне байланысты бағдарламаның өнімділігін
оңтайландыруға мүмкіндік береді.
ТАБЛЕТКА пішіміндегі (1 мөлшердегі шаю құралы,
тұз жəне тазалау құралы) біріктірілген тазалау
құралдарын қолданатын болсаңыз, ТАБЛЕТКА
түймесінбасыңыз (индикатор шамы жанады
сəйкес белгі жанады).
Ұнтақты немесе сұйық тазалау құралын
қолданатын болсаңыз, бұл опция өшіріледі.
КЕШІКТІРУ
Бағдарламаның басы 0:30 жəне 24 сағат
аралығындағы мерзімге кешіктірілуі мүмкін.
1.Бағдарламаны жəне кез келген қалаған опцияны
таңдаңыз. Бағдарламаның басталуын кешіктіру
үшін КЕШІКТІРУ түймесін (қайталап) басыңыз. 0:30
- 24 сағат аралығына орнатыла алады. Түймешікті
əр басқан сайын кешіктіріп бастау келесідей
арттырылады: таңдау 4 сағаттан төмен болса -
0:30, таңдау 12 сағаттан төмен болса - 1:00, таңдау
12 сағаттан жоғары болса - 4 сағат. 24 сағатқа қол
жеткізілген кезде, түйме басылады, кешіктіріп
бастау ажыратылады
.
2. БАСТАУ/ТОҚТАТУ түймесін басыңыз: таймер
кері есепті бастайды;
3. Осы уақыт аяқталған кезде, индикатор шамы
сөнеді жəне бағдарлама автоматты түрде
басталады.
БАСТАУ/ТОҚТАТУ түймесі кері есеп кезінде
қайтадан басылатын болса, КЕШІКТІРУ
опциясынан бас тартылып, таңдалған бағдарлама
автоматты түрде басталады.
КЕШІКТІРУ функциясын бағдарлама басталған
соң орнату мүмкін емес.
ПЕРНЕ ҚҰЛПЫ
ТУРБО түймесін ұзақ уақытқа басу (3 секунд)
ПЕРНЕ ҚҰЛПЫ функциясын іске қосады. ПЕРНЕ
ҚҰЛПЫ функциясы ҚОСУ/ӨШІРУ түймесінен басқа
басқару тақтасын құлыптайды. ПЕРНЕ ҚҰЛПЫН
өшіру үшін ұзақ уақытта қайтадан басыңыз.
СУ КРАНЫ ЖАБЫҚсигнал
Кіріс су болмаған кезде немесе су краны жабық
болмаған кезде жыпылықтайды.
АҒЫЗУ
Белсенді айналымды тоқтату жəне өшіру үшін,
АҒЫЗУ функциясын пайдалануға болады.
БАСТАУ/ТОҚТАТУ түймесін ұзақ уақытқа басу
АҒЫЗУ фунциясын іске қосады. Белсенді
бағдарлама тоқтатылады жəне ыдыс жуғыш
машинадағы су ағызылады.
ПАУЕР КЛИН
Қосымша қуатты бүріккілеріне байланысты бұл
опция төменгі сөредегі арнайы жерлерде аса
қарқынды жəне қуатты жууды қамтамасыз етеді.
Бұл опция табалар мен кəстрөлдерді жуу үшін
ұсынылады. Пауер клин функциясын белсендіру
үшін осы түймешікті басыңыз (индикатор жанады).
Егер опция таңдалған бағдарламаға сəйкес келмесе БАҒДАРЛАМАЛАР КЕСТЕСН қараңыз, тиісті ЖДШ 3 рет тез
жыпылықтайды да, дыбыстық белгі естіледі. Опция қосылмайды.
Seitenansicht 3
1 2 3 4 5 6 7 8

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare